Канагат тандырылмаган дыктарыныздан что значит

Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан к

1 көрінеу қанағаттандырылмаған сұраным

2 қанағаттандырылмаған сұраным

3 банк маркетингі

Қаржы маркетингі сатушы-инвесторлардың қаржы активтерінің (ақшаның, бағалы қағаздардың, асыл металдар мен тастардың) өткізілуі үдерісін басқаруға жүйелі көзқарасы және сатып алушы-инвесторлардың қаржы активтерінің қорлануын басқаруға жүйелі көзқарасы болып табылады. Қаржы нарығы осы маркетингі қызметінің аясы болып табылады. Қаржы нарығындағы банк көрсететін қызметтерді немесе банк өнімдері мен қызмет көрсету нарығын қамтитын банк маркетингі қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып саналады.

Финансовый маркетинг представляет собой системный подход инвесторов-продавцов к управлению процессом реализации финансовых активов (денег, ценных бумаг, драгоценных металлов и камней) и системный подход инвесторов-покупателей к управлению накоплением финансовых активов. Сферой деятельности этого маркетинга является финансовый рынок. Составной частью финансового маркетинга считается банковский маркетинг, который затрагивает банковские услуги на финансовом рынке или рынок банковских продуктов и услуг.

Банк маркетингі – мыналарды қамтитын үдеріс:

Банковский маркетинг – это процесс, который включает в себя:

— банк өнімін өндіруді жоспарлау;

— планирование производства банковского продукта;

— қаржы нарығын зерттеу;

— исследование финансового рынка;

— қарым-қатынасты жолға қою;

— банк өнімінің жылжытылуын ұйымдастыру;

— организацию продвижения банковского продукта;

— банк сервисінің қызметін өрістету.

— развертывание службы банковского сервиса.

Банк маркетингісінің негізгі міндеттері:

Основными задачами банковского маркетинга являются:

— сатып алушылардың банк өніміне қоятын талаптарын болжау;

— прогнозирование требований покупателей к банковскому продукту;

— банк өніміне сұранымды зерделеу;

— изучение спроса на банковский продукт;

— сатып алушылардың талаптарына сай келетін банк өнімін шығару;

— выпуск банковского продукта, соответствующего требованиям покупателей;

— бәсеке шарттарын ескере отырып банк өнімі бағасының деңгейін белгілеу;

— установление уровня цен на банковский продукт с учетом условий конкуренции;

— банкінің беделін көтеру;

— повышение имиджа банка;

— осы банк бақылайтын қаржы нарығының үлесін арттыру.

— повышение доли финансового рынка, контролируемого данным банком.

Банк маркетингісінің тұжырымдамасы қаржы нарығындағы банк қызметінің мақсатын сипаттайды. Банк өнімін сатып алушылардың мүдделері, қажетсінулері, мүмкіндіктері, ақша ресурстары алуан түрлі, тәуекел дәрежесі де әртүрлі. Сондықтан олардың нақты өнімге деген сұранымы да түрліше. Мұның мәнісі мынада: өз өнімін ұсынушы банк бұл өнімнің сатып алушылардың қандай тобына арналғанын және бұл өнімнің әлеуетті тұтынушылары қанша бола алатынын айқын білуге тиіс. Осыдан келіп банк қызметінің екі бағыты болуы ықтимал:

Концепция банковского маркетинга характеризует цель деятельности банка на финансовом рынке. У покупателей банковского продукта разные интересы, потребности, возможности, денежные ресурсы и разная степень риска. Поэтому у них разный спрос на данные продукты. Это означает, что банк, предлагающий свой продукт, должен четко знать, на какую группу покупателей этот продукт рассчитан и сколько может быть потенциальных потребителей этого продукта. Отсюда возможны два направления деятельности банка:

— жаппай, тұрақты сұранымға бағдарлануы, мұның өзі өнім бағасының (бағамы, пайыздық мөлшерлемесі) біршама төмен болуын, клиенттерге қызмет көрсетудің шектелуін және ұсақ сатып алушылардың кең қамтылуын көздейді;

— ориентация на массовый, стабильный спрос, что предполагает относительно низкие цены (курсы, процентные ставки) на продукт, ограничение услуги по обслуживанию клиентов и больший охват мелких покупателей;

— тұрақсыз сұранымға, яғни сатып алушылардың жекелеген топтарына бағдарлану, мұның өзі өнім бағасының (бағамы, пайыздық мөлшерлемесі) біршама жоғары болуын, клиенттерге неғұрлым кең ауқымда қызмет көрсетілуін және ұсақ сатып алушылардың аз қамтылуын көздейді.

— ориентация на нестабильный спрос, т.е. на отдельные группы покупателей, что предполагает относительно высокие цены (курсы, процентные ставки) на продукт, более широкий круг услуг по обслуживанию клиентов и меньший охват покупателей.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *